Қазақстан 30 жыл ішінде біршама жетістіктерге жетті. Соның бір дәлелі ретінде табиғи және техногенді аппаттарға жыл сайынғы мониторинг жүргізу әдістерінің жылдан жылға жаңа бағыттарға, жаңа технологияларға көшуі. Төтенше жағдайлар министрлігі гидрометеорологиялық және сел ахуалына мониторингті жыл бойы 62, маусымдық 45 бекет және «Қазселденқорғау»ММ 29 диспетчерлік пункті жүзеге асырады. Сел және көшкін құбылыстары кезінде уақтылы ден қою мақсатында 12 авариялық-механикаландырылған бригада (115 адам және 64 бірлік техника) құрылды. Қауіпті учаскелерде 245 ескерту қалқаны қойылды (сел қауіпті учаскелерде – 144, толық қауіпті учаскелерде – 101). 1 608 жерүсті (сел қауіпті учаскелер – 971, сырғыма қауіпті учаскелер — 637) және 36 аэровизуалды (сел қауіпті учаскелер – 21, сырғыма қауіпті учаскелер — 15) селге және сырғыма қауіпті учаскелерге тексеру жүргізілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 сел құбылысы және 10 көшкін процестері (жарықтар, жүзулер, көшкіндер, топырақтың опырылуы) тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?