Ел Тәуелсіздігінің 30 жылда жеткен жетістіктері біршама жетерлік. Соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларының да еңбегі еш елеусіз қалған емес. Мемлекеттік дәрежедегі наградалар мен марапаттарға, Елбасының құрметі мен қошеметіне бөленді. Құтқарушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Қазіргі уақытта ТЖМ әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру, құтқарушылардың болу шекті жасын төмендету және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартудың басқа да мәселелері пысықталуда. 2017 жылдан бастап азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Осылайша, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақылар мөлшері 30% — ға дейін арттырылды. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары 25% — ға ұлғайды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын орындалатын функцияларына қарай 20-дан 65% — ға дейін сараланған көтеру жүзеге асырылды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің қатардағы және кіші басшы құрамын 10% — ға арттыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен сараланған көтеру 2022 және 2023 жылдары көзделген.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?