Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 25 шетел азаматы анықталды-деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Түркістан қалалық полиция басқармасы Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 11-20 қазан аралығында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.

Аталған шара бойынша қазіргі таңға дейін Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 25 шетел азаматтары анықталып, ӘҚБтК 517-бабымен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар 5 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды.

Оған қоса шетелден адамдарды шақыртушы тарап болып саналған 11 қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?