Құрметті жүргізушілер!

 

Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлайды, сенімхат бойынша немесе сақтандыру бойынша шетелдік тіркеуі бар, сондай-ақ Қазақстанға әкелінген және пайдаланылып жүрген автокөлік иелері үшін белгілі бір тәуекелдер бар екенін еске салады.

 

Негізгі қауіп — қылмыстық қудалау шеңберіне түсу қаупі. Автокөлік сатып алушыдан құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге, сондай-ақ көліктің ұрланғанын немесе қамауға алынғанын білуге мүмкіндік жоқ.

 

Мұнда келесі салдар болуы мүмкін – көлік құралын алып қою, қылмыстық іс қозғау, нәтижесінде қаржылық шығындар және көлік құралынан айыру.

 

Сенімхат бойынша немесе сақтандыру бойынша сатып алынған автомобильді меншік иесі көлік салығын төлеуден жалтару үшін оны тіркеген елде кез келген уақытта есептен шығара алады.

 

Бұл автомобильдің қазақстандық иесінде тәуекел туындайды, өйткені ЖКО жағдайында сақтандыру компаниялары тиісті ақшалай өтемақы төлеуден бас тартады.

 

Нәтижесінде, сенімхат немесе шетелдік тіркеудегі автомобильдерді сақтандыру арқылы сатып алу біздің азаматтар үшін елеулі тәуекелдерге әкеп соғады.

 

Осыған байланысты осындай көлік құралдарын сатып алу кезінде аталған тәуекелдерді ескеруді және мәмілелерді қатаң түрде заңнамаға сәйкес жасауды ұсынамыз.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?