Алматы полициясы пәтер алаяғын ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

Бұл жолы Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғыны «ерекшеленді». К.есімді азамат пәтерлерді сағат сайын жалға алған, содан кейін төмен бағамен тәулікке жалдау туралы қайта хабарландыру орналастырды және бұл пәтерді қайта жалға берді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық әрекеттерді жасаған күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі бойынша тергелуде. К.есімді азаматта осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар. Қазіргі уақытта күдікті Уақытша ұстау Изоляторында отыр. Күдіктінің бірнеше рет заңға қайшы әрекеттері болғанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727»,-деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары , полиция подполковнигі Владимир Решетников.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?