Сериялық алаяқ әйел алматылықтарға бизнесті жеңілдікпен несиелендіруге уәде берді
Бұл — 1973 жылы туған П.есімді азаматша. Полиция оны Алматы облысында ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов жариялады.
«П.есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу 4 қылмыстық эпизодты дәлелдеді, жалпы шығын миллиондаған теңгеге бағаланды. Әйел алдын ала ойластырылған жоспар бойынша «жұмыс істеді»: үлкен сомаға несие беруді сылтауратып, зардап шеккендерден қызметі үшін алдын ала сыйақы алды, бірақ ол уәдесін орындамады. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Біз оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, П.есімді азаматшаны таныған адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-708-707-9202; 8-705–555–7763; 8-775-719-2727»,-деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?