Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді
Есірткілерді шығаратын 3 зертхананың жойылғанын хабарлаймын.
Олардың бірі Медеу ауданындағы жалдамалы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған компоненттер, сондай-ақ сатуға дайын, жалпы салмағы 3,5 кг «мефедрон» заты тәркіленді. Бұл өнімнің сату бағасы шамамен 40 миллион теңгені құрайтын еді. Сондай-ақ сәуір айында біз есірткі бизнесіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлары дәлелденген 8 айыпталушының ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Топ интернет ресурстары арқылы «мефедрон» синтетикалық есірткісін өндірумен және сатумен айналысты. Сонымен қатар, қоғаммен бірге есірткі заттарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 мың 901 граффити-жазулар боялды. Есірткіні жарнамалағаны үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы полициясының бастамасымен жыл басынан бері 357 интернет-сайт бұғатталды.
Жыл басынан бері Алматы полициясы 545 есірткі қылмысын ашты. 380 келіден астам есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілмеді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?