Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды-деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов
Төрт жас жігіт негізінен қаланың орталық бөлігінде қарақшылық әрекет жасап жүрген. Олар өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондар мен ақшаларын тартып алған.
«Қазір төрт жәбірленуші полицияға арыз жазды. Қаскөйлер кешкі уақытта физикалық күш қолданамын деп қорқытып азаматтардың жеке мүлкін тартып алды. Оңай ақшаға құмарлар ұсталды. Тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындады. Бірқатар эпизодтар бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді», — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Айтпақшы, бұрын «қылмыстық төрттіктің» ешқайсысында да заң бойынша мәселелер болған жоқ. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?