Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқы малын қағып кетті-деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 18 қазанында сағат 20:45 шамасында «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1978 жылы туылған Түркістан қаласының тұрғыны Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқы малын қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізуші көптеген дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына жоғарыдағы көліктің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен жеткізілді.

Тексеріп қарағаннан кейін автокөлік Қордай ауылындағы мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сондай-ақ, осы жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын объективті зерттеуге бағытталған басқа да қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?