Түркістан облысында сотты бола тұра қылмыс жасаған күдікті анықталып, 4 жылға қайта сотталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция депртаментінің баспасөз қызметі хабарлады

Түркістан облысы Полиция департаментінде жас та болса білімі мен білігі келіскен, қылмыстық істерді соңына жеткізіп, сотқа жолдаған тергеушілер қатары өте көп. Мәселен, өзінің қызметтік міндетін жоғары деңгейде атқарып жүрген полицейдің бірі — Бәйдібек АПБ-ның тергеушісі полиция аға лейтенанты Асқар Шубай. Ол есірткі егіп, оны сақтаған тұрғынның кінәсін дәлелдей отырып, істі сотқа жолдады. Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек АПБ-нің «102» нөміріне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағыт алды.

ТО ЕҚҚІҚБ мен бәйдібектік тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша күдіктінің үйін тінту барысында, оның бақшасынан 17 түп өсіп тұрған есірткі өсімдігіне ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сонымен қатар үйінің қонақ бөлмесіндегі терезесінің бұғатына жасырылған газетке оралған жасыл түсті, ұнтақталған есірткі заты табылды. Полицейлер күдікті азаматтың үйінен алынған есірткі заттарына сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес ұсынылған заттар 17 түп «сора» есірткі заты және газетке оралған зат жалпы салмағы 1,39 гр «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіледі. Істің ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдер жинақтауға тергеуші 20 күннен астам уақытын жұмсайды. 2 томды құраған қылмыстық істі тергеу кезінде, күдіктінің 2018 жылы дәл осындай қылмыс жасап, Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық сотының үкімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны белгілі болды. Жазасының жартысына жуығын өтеп, өзін жақсы ұстауы, тәртібі үшін қалған уақытын шектеу түрінде өтеп жүргені анықталды. Дегенмен күдікті, өзінің соттылығынан нәтиже шығармай, ескі әдетіне қайта басып, заңмен тыйым салынған өсімдікті егіп, сақтап соңында полицейлермен құрықталған.

Нәтижесінде соттың шешімімен 51 жастағы бәйдібектік тұрғын кінәлі деп танылып 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?