Түркістан полицейлері егістік алқабына кіріп кеткен тұрғынның жылқысын темірмен ұрып өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шардара аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша белгісіз азаматтың өзіне тиесілі 1 бас биесін белгісіз затпен ұрып өлтіріп қойғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 202-бабы « Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осыдан соң полицейлер бірден оқиға орнына шығып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

 

Нәтижесінде Шардара АПБ полицейлері 1 бас жылқыны өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады. Ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай жәбірленушінің жылқысы күдікті азаматтың егістік алқабына кіріп кетіп, едәуір шығын келтірген. Сондай-ақ күдіктіден жылқыны ұрып соққан темірді тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға төрт түлікке ие болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?