Алматы полициясында интернет-алаяқтықты ашу үшін арнайы топ құрылды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
Жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді.
«Интернеттегі алаяқтыққа қарсы әрекеттестікті жақсарту үшін танымал интернет-ресурстарының қауіпсіздік қызметтерінің басшыларымен және төлем компаниялары, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, Департаментте ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, алаяқтық жарнамасы бар сайттар анықталуда, олар «Кибернадзор» жүйесі арқылы бұғаттау үшін ІІМ жіберіледі. Жыл басынан бері барлығы 457 сайт бұғатталған. Біз қоғамды ғаламтор арқылы алаяқтық жасау және алдын алу жолдары туралы үнемі хабардар етіп отырамыз», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?