Қарағанды облысында 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмысы белсенді жүргізілуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жазғы кезеңде басталды және көктемге дейін жалғасады. Алдын алу шараларын алдын ала жүргізу бірнеше жылдан бері су тасқыны құбылыстарынан ТЖ тәуекелдерін төмендетуде өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық Республикалық жол картасы және облыстық Инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізіледі.

Облыс бойынша Жол картасы аясында ағымдағы жылы Қарқаралы, Бұқар-Жырау және аудандарда қорғау біліктерін нығайту, Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінің арнасын тазарту, Шерубай-Нұра өзенінің арнасын санациялау, Бұқар-Жырау ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар автожолдардағы көпірлерді қайта жаңарту, Нұра, Соқыр, Ақбастау өзендерінің арналарында жағалауды нығайту, түбін тереңдету жұмыстары, автомобиль жолдарындағы су өткізгіш құбырларды ауыстыру және т.б. бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Ағымдағы жылы аталған іс-шаралардан басқа Бұқар-Жырау ауданының әкімдігі Ғ.Мұстафин атындағы кентті Нұра өзенінің тасқынынан қорғау үшін ұзындығы 3,6 км қорғаныс білігінің құрылысын толық көлемде аяқтады.

Ағымдағы жылы облыстық инженерлік жұмыстар жоспарымен тасқын су басу қаупі бар 45 елді мекен аумағында су түбін тереңдету, тазарту, арналарды кеңейту және өзен ағындарын ауыстыру, өзен арналарындағы құрылыстарды (жолдарды) жөндеу, гидротехникалық құрылыстардағы тасқын су қашыртқыларын тазарту, кеңейту, тереңдету, елді мекендердегі қорғау біліктерін орнату, арықтарды, нөсер кәрізі мен коллекторлық-дренаждық жүйелерді қалпына келтіру, тазалау, жөндеу, кеңейту бойынша іс-шаралар, сондай-ақ су тасқыны жағдайын жақсарту үшін басқа да инженерлік жұмыстар жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта 2,130 км салу және 22,635 км қорғау бөгеттері мен біліктерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, өзен арналарының 13,72 км су тасқыны қауіпті учаскелерін санациялау, 2,820 км су бұру арналарын салу және жөндеу, 9,213 км дренаж және су бұру жүйелері тазартылды. 15 учаскеде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 7 гидротехникалық құрылысқа жөндеу жүргізілді.

Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?