Түлкібас ауданындағы маслихат депутаты болған Асқар Талғатбекұлы, журналистерге сұхбат бере алмағанын, аудандағы мектеп оқушысының асылып қайтыс болғаны туралы айтпақ болғаны үшін болса керек, АІІБ не алып кетіп 5 сағаттан астам ұстап отырғанын өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

Құрметті журналистер!

Кеше 21 қазан күні Састөбе ауылына мектепте болып жатқан жайт туралы сұхбат алу үшін келдіңіздер. Түлкібас АІІБ-нің қызметкерлері шақырғандықтан сұхбат бере алмадым. Мені таңғы 11 -ден кешкі 16:21 дейін ұстады. Түркістан қалалық ІІД облыстық штабында куәгер ретінде жауап алынды.

Мен қызықтырып отырғаны,  олардың  заңды әрекеттері,  сіздермен кездесе алмау үшін әдейі жасалған жоқ па?

Мені сонда ұстаудың кімге қандай пайдасы бар?

Мен журналистке 5-6 жылдың ішінде, мектепте не болып жатқанын, қандай  жағдайлар орын алып жатқанына  ауданның көз жұмғанын айттым. Иә, қылмыс жасағандар өз жазасын алды-деп жазды  Асқар Талғатбекұлы

Аталған жағдай бойынша полиция тарапынан әзірге ресми ақпарат берілген жоқ.

Түркістан облысы


Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?