26.10.2021 жылы Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында талап қоюшы «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер Р.С.Амановаға Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен берілген жоғары білім туралы дипломды жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Роза Аманова
Роза Аманова
Төле би аудандық сотының 2021 жылғы 30 шілдедегі шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарау нәтижесімен Төлеби аудандық соты шешімінің күші жойылып, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Сот алқасының мұндай тұжырымға келуіне дау айтылған мемлекеттік үлгідегі дипломды жарамсыз деп тану туралы талаптың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығы негіз болған.
Сот алқасы талап қою арызының, сондай-ақ, тараптардың уәждерінің негізді немесе негізсіз екендігіне баға бермеген, яғни Р.С.Амановаға берілген жоғары білім жөніндегі дипломының заң талаптарына сәйкес келетіндігіне байланысты тұжырым жасалмаған.
Сонымен қатар, қолданыстағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларына сәйкес, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом — білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың түрі болып табылады.
Көрсетілген бұйрықтың 35-қосымшасына сәйкес, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру ұйымдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес береді.
Аталған құжатты беруге оқу ұйымы комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?