Интернет — алаяқтардың жұбы сотқа берiлдi. Бұл туралы Рустам Абдрахманов мәлімдеді.
Жұп Алматыда тіркелген микро қаржы ұйымына қатысты алаяқтық жасады деп күдіктелуде.
2019 жылдан бері ұсталғандар тауарларды сатып алуға ақша аударуды сылтауратып, интернет — дүкендердің сатушыларынан ЖСН мен банк картасының деректемелерін алғаны анықталды. Азаматтардың (сатушылардың) төлқұжат деректерін қолдана отырып, олар МҚҰ сайтында онлайн режимінде шағын несие алуға өтінім берді. Ақшаны алған соң, қайтадан сатушыларға хабарласып, оларға байқаусызда ақша аударғанын айтады және жіберілген қаржыны басқа арнайы дайындалған банк картасына қайтаруды сұрайды. Осылайша олар 41 азаматтың төлқұжат деректері бойынша жалпы сомасы 4 миллион 025 мың теңгеге шағын несие рәсімдей алды.
МҚҰ полицияға 41 адам төлемді кешіктіргеннен кейін арыз түсірді. Барлық «қарыз алушыларды» тауып, олардың несие алуға қатысы жоқ екенін анықтадық.
Артынша, 1995 жылы туған А. есімді азамат пен 1994 жылы туған М. есімді азаматша анықталды және ұсталды.
Күдіктілерге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оның материалдары үкім шығару үшін сотқа жіберілді. Күдіктілер қамауда.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?