Төле би ауданындағы мектеп оқушысы үйінің ауласында пышақтан алған жарақаты салдарынан медициналық көмек алған.

 

«Төлеби ауданы Ленгір қаласында орналасқан №3 мектептің оқушысы мен колледж студентінің (жауапты азаматтың айтуына қарағанда) арасында келіспеушілік болып қалған екен. Сонымен №3 мектеп оқушысы қолындағы пышақпен қасындағы оқушыға пышақты сермеп қалады. Қазір жарақат алған оқушы емханада екен»-деп,  журналист Лазза Балтабайқызы мәлімдеді.

 

Аталған оқиға бойынша мектеп басшылығы,  әкімдік, басқармалардан ресми ақпарат әзірге берілген жоқ.

22.10.21 ж. Төлеби АПБ-ға Леңгір қалалық ауруханасынан кәмелетке толмаған баланың пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Төлебилік полицейлер бірден оқиға орнына шығып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 22.10.21 ж. көпқабатты үйдің ауласында жасөспірімге оның танысы пышақ сермеу арқылы жарақат салғаны анықталды. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алған. Кәмелет жасына толмаған баланың әкесі болған жайт бойынша арыз-шағым жазудан бас тартқан. Бүгінгі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде- деп Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?