ТМД елдерінің мәдени астанасы аталмыш Шымкент қаласында «мәдениетті» полицейлер, полицей әдебін көрсетті.
 Екі полицей қызметкері базар алдында жаңғақ сатып отырған ақжаулықты ананың қасына барып, заңсыз сауда жасағаны үшін телефонын тартып алып, өз «әдептерін» көрсеткен екен.
«Қырғы базарының» кіре беріс жерінде 3-4 килограмм жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонынын да алып қойған көрінеді.
@police_shymkent бұл полицейлердің іс-әрекетіне түсініктеме берулеріңізді сұраймыз-деп төмендегі бейне жазбаны aqparat.kzәлеуметтік ақпарат парақшасы жариялаған болатын:

Халықтың сол маңайға жиналып, «апа, уайымдамаңыз»- деп қолдап, қорғап жатқанын бейнежазбадан көруге болады:

Телефонымды бер-деген әжейге, «бермеймін»-деген полиция қызметкері бойынша, Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі төмендегідей жауап берді:

 

24.10.2021 жылы әлеуметтік желілерде тараған Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан “Қырғы базар” маңында полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алған жайт бойынша жүргізілген қызметтік тексерудің нәтижесі 25.10.2021 жылы Шымкент қаласы Полиция департаментінің шұғыл өткен тәртіптік комиссиясында қаралды.
Тәртіптік комиссия отырысы ашық түрде БАҚ өкілдерінің, қоғам белсенділері мен блогерлердің, сондай-ақ орын алған жайтқа қатысы бар азаматша Патима Бекенованың қатысуымен өтті.
Тәртіптік комиссия отырысында оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары толығымен талқыланып, нәтижесінде полиция майоры Жулдызбек Мулькубаевке өз қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік шарасы және полиция аға лейтенанты Даут Турмахамбетовке ескерту тәртіптік шарасы қолданылды.
Алайда, ақжаулықты ананы қорқытты ма, әлде әжей қорқып кетті ме, «телефонымды мен өзім бердім, менікі дұрыс емес, ештеңе болған жоқ балам, заңға адам бағыну керек, мен өзімнен болды»- деп, қолдап, қорғаған халықтың әрекетіне сын айтқан.

Ал бірінші жарияланған бейнежазбадағы сөздермен, кейінгі түсірілген әжейдің сөздеріне енді халық бағасын, беріп, өз пікірлерін айта жатар.
Алайда бұл жағдай, полиция департаменті басшысы, генерал-майор Ералы Жұмаханбетов назарынан тыс қалған жоқ. Арнайы, тәртіптік комиссия отырысында «әдепті» полицейлерге шара көрілді:

Сардар Әбдіжақия
ТМД елдерінің мәдени астанасы аталмыш Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?