Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы “Инвиво” медициналық клиникасының жанында белгісіз азаматтың кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті.

https://www.youtube.com/watch?v=eWwYjDICvTo

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті одан әрі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

 

СНХ: Тараз қаласының Полиция басқармасының бастығы — Асылхан Заурбеков

СНХ: Медик — Елгембаева Галия — психиатр

 

Жамбыо облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?