Түркістан облысының полицейлері зейнеткерден 1,5 келіден астам көкнар тәркіледі.

 

«Қарасора-2021», «Рефлекс-2021» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның полицейлері есірткіні заңсыз сақтау, сату қылмысына күдікті ретінде Келес ауданының тұрғынын қолға түсірді. Жедел ақпарат арқылы ұсталған егде жастағы ер адамның үйін тінту кезінде, оның ауласындағы қорасынан пакетке салынған есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Тәркілеп алынған затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес заттың салмағы 1,5 келіден асатын «көкнар» болып шықты. Аталған жайт ҚК 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдікті зейнеткердің аталған есірткі затын не үшін сақтағандығын анықтау үстінде.

Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің егістіктерін анықтау және жою, есірткілерді және басқа да тыйым салынған заттарды сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бағытында жан-жақты жұмыс жүргізуде. Сондықтан ең басты байлығыңыз — өміріңізді құртатын затты қолданбаңыз! Оны сақтап өткізуге жол жоқ!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?