Тәртіп сақшылардың айтуынша, У.есімді азамат интернеттен «Айфон» маркалы ұялы телефондарды сату туралы жарнамаларды тапқан.

«Ол сатушылармен алдын-ала кездесуге келісіп, хабарландыруда көрсетілген сомаға жалған онлайн-аударым чегін дайындаған, яғни қаскөй кездесуге дайындалып келген. Қылмыстық жолмен алынған ұялы телефондарды үшінші тұлғаларға сатқан. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті қолға түсті. Ол 21 жаста. Қазір оның қатысуымен 4 алаяқтық фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлімі бойынша қозғалды», — деп хабарлады, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Полиция қызметкерлері алданғандардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727», — деді, Е.Ысқақов.

Алматы қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?