Тұрғындар назарына!

2021 жылдың 31 қазанында сағат 21.00 шамасында Шымкент-Самара тас жолымен Шымкент қаласы бағытына қарай «LADA 21144 110-42» автокөлігін басқарып келе жатқан жүргізуші жолдың 21 шақырымында жол-көлік оқиғасын жасаған. Яғни автокөлік жүргізушісі жасы 50 шамасындағы ер азаматты қағып кеткен. Нәтижесінде жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған жол көлік оқиғасы Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының тергеу өндірісінде СДТБТ-ға тіркелді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған ер азаматтың туыстары мен жақындарын анықтау мүмкін болмауына байланысты полицейлер суреттегі азаматты жақын танитын және қандай-да бір маңызды мәлімет білетін азаматтарға төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Түркістан облысы ПД-нің кезекші бөлімі: 8(725)335 97 6;

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кезекшілігі: 8(725)302 13 85;

Полицияның 102 нөмірі не болмаса мына ұялы телефондарға: +7707 307 27 07, +7707 753 96 33;

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?