Тараздық полицейлер қарақшыны ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғаның Б.Момышұлы көшесінде орналасқан аялдамалардың бірінде құны 53000 теңге тұратын «Редми» маркалы ұялы телефонын ашық түрде алып, белгісіз бағытқа қашып кеткендігі туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?