Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады-деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны бойынша арызданған. Ол әйелдің айтуынша белгісіз біреу «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы топ құрған. Содан арызданушыға сол топтың админі «Бізге ақша салсаң, салған ақшаң 5 күн ішінде еселеніп қайтады» деп сендірген. Оған алданған жәбірленуші әйел банк қосымшасы арқылы бірнеше рет ақша аударған. Осылайша күдіктіге келтірілген жалпы шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық.

Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы, яғни «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеп, іздеу жұмыстарын бастады.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді тексеріп, күдік тудырғандарды бақылады. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер ақпарат көздері арқылы күдіктіні үйінен ұстады. Ол жергілікті әйел тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде. Бүгінгі күні айғақты зат ретінде алынған ақша өз иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенбеу және өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпау керектігін ескертеді. Несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге алданбаңыздар деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?