Шымкентте «жұмысқа тұрғызып беремін» деп алдаған азамат анықталды-деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
    30-қазанда алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Абай аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Осы жылдың тамыз айында танысы жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, арызданған азаматшадан 500 мың теңге ақшасын алған. Көп ұзамай алаяқ әйел телефон қоңырауларына жауап беруді қойған. Бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешілмегендіктен, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерінен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алаяқ ер адам қолға түсті.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді.
      Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, онда сізге «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?