Алматы полициясы шетелде тіркелген көліктердің жүргізушілері үшін жазаның бұлтартпастығы қағидасын еске салды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
Алматы қалалық полиция Департаменті Алматыда жыл басынан бері РФ көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 мың 364 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлады. Айыппұл 21,3 миллион теңгеден астам сомманы құрады.
«Айта кету керек, жол қозғалысына қатысушылардың осы санатындағы көлік жүргізу тәртібі нашар. Шет мемлекеттердің нөмірлері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» және «Сергек» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы танылмайды деп жаңылысып, олардың жүргізушілері барлық жерде жол қозғалысы ережелерін бұзады: жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды және т.б. Мұндай мәдениетсіздік көбінесе апаттар мен қайғылы зардаптарға әкеледі. Түрлі қулыққа бару арқылы жауапкершіліктен жалтару әрекеттері сәтті аяқталмайтынын және нәтижесіз болатынын ресми түрде мәлімдейміз. Заң — бәріне бірдей. Жол қозғалысы ережелері қатаң сақталуы тиіс», — деді, Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Алматы жолдарында шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50-ден астам ауыр жол апаты орын алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 59 адам жарақат алды.
«Естеріңізге сала кетейін, Наурызбай ауданында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. РФ тіркелген «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, 2001 жылы туған О.есімді азамат Карьерная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып, «КАМАЗ» көлігімен соқтығысты. Осы оқиға салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бостандық ауданында ауыр зардаптарға әкелген тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Нөмірі Ресейде тіркелген «Инфинити» жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, рөлді басқара алмай қалды және бөгетке соқтығысты. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан жас жолаушы-әйел ауыр жарақат алды. Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп түйіндеді, полковник Алмасбеков.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?