Алматыда бірқатар пәтер ұрлығына қатысты күдікті ұсталды-деп мәлімдеді, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Алматы облысының бұрын сотталған 38 жастағы тұрғыны шаһарда алты ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
«Үй иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізген ер адам жеке үйлердің терезелерін қысып кіріп, ақша, электроника, зергерлік бұйымдарды, бір сөзбен айтқанда, қолына іліккеннің бәрін ұрлаған. Ол кезекті ұрлықтан кейін ұсталды. Оның уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында кілттер, ұялы телефондар, түрлі операторлардың сим-карталары, банк карталары табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта қаскөйдің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтарын құжаттандыруға бағытталған қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?