Алматы тұрғыны жоқ «Тойота» көліктерін сатқаны туралы ресми ақпарат берді, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Күдікті 43 жастағы С.есімді азамат нарық бағасынан төмен бағамен «Тойота Камри -40» көлігін «сатуға шығарған». Алаяқтық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ер адамның бірнеше ұялы телефоны болған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырды.
«Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды. Келіссөздер барысында алаяқ жәбірленушілерді клиент көп деп түсіндіріп, алдын-ала төлем төлеуге асықтырды. Ақша аударған соң қаскөй телефонды өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта С.есімді азаматтың қатысуымен 15 алаяқтық фактісі анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?