Метрода пранк жасаған үш жігіт жазаланды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция деартаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Метрополитендегі полиция Басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыкалық колонканың көмегімен әуенді қатты дауысқа қойған, азаматтардың наразылығына жауап бермеген.

«Кейбір жолаушылар әуеннің кенеттен ойнағанын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі «Жібек жолы» бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А., К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланған. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деді, Метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Жұрұнов.
Tik- Tok тары төмендегідей теріс қылықтарға толы еді:

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?