Пәтер алып беремін деп, ақшасын алдап алған азаматша анықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
2021 жылдың 10-қарашасында Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, пәтер алып беремін деген белгісіз тұлғамен сөйлесіп, алдын ала ақшасын бер деген соң, 830.000 теңге ақшасын «Каспий голд» арқылы салып жіберген. Алайда ол азаматша уәдесінде тұрмай, не ақшасын қайтармай жүрген. Содан алаяқтарға алданғанын түсінген азаматша полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Күдікті кінәсін толық мойындады. Жәбірленушінің ақшасы өзіне қайтарылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?