Тараз полицейлері қайырымдылық қорабын ұрлаған ұрыны ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Құтмырзаев Бегман мәлімдеді

Жамбыл облысының аумағында жұмыс жасайтын қайырымдылық қорларының бірінің 71 жастағы директоры 1 — полиция бөліміне хабарласып, Орталық базардағы автовокзал ғимаратының күту залында орналасқан қайырымдылық қорының филиалына тиесілі қайырымдылық қорабын белгісіз тұлғаның жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан кетіп қалғанын айтып шағымданған.

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында жедел — іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?