Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпекші болған шетелдіктің шұлығынан есірткі тапты- деп мәлімдеді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Қазығұрт» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай ҚР-ға өткізу бекетінен өту кезінде Өзбекстан Республикасынан ҚР-на қарай өтіп бара жаткан «DAF» маркалы жүк көлігіне «Келли» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған тергеу тобы жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады.

Сонымен қатар полицейлер көлік жүргізушісін тінту барысында оның оң жақ аяғындағы шұлығының есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің 3 грамнан астам кептірілген «марихуана» екені расталды.

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?