18.11.2021 жылы Сарыағаш АПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны арызданып, шамамен жасы 70-тен асқан әкесінің 11.11.2021 жылы түскі уақытта үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын жазып көрсеткен.

Аталған жайт Сарыағаш АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша тиісті және қажетті шаралардың барлығы басталып кетті. Қазіргі таңда да аудан полицейлері жоғалған егде жастағы ер азаматты табуға бағытталған іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандық полиция құрылымдарына жоғалған ер азаматтың ерекше белгілері бойынша бағыттамалар жіберілді.

Сондай-ақ айта кететін жайт, егде жастағы ер адамның үстінде қара түсті шалбар мен күртеше, сұр түсті бас киім болған.

Барша тұрғындарға айтарымыз, аталған ер адам бойынша қандай-да бір ақпарат немесе мәлімет білсеңіз бірден ТО ПД-нің кезекшілік нөміріне: 8 725 33 5 97 65 не болмаса полицияның 102 телефонына хабарласыңыздар!

Жоғалған егде жастағы адамға қатысты кез келген мәлімет маңызды!!!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?