Жамбылдық полицейлер Алматы тұрғынынан психотроптық есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы  — Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Құтмырзаев Бегман мәлімдеді

«Рефлекс-2021» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, «Юс» атты қызметтік итті пайдалана отырып, Қырғыз Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде Қордай бекетінің өткізу пунктінде Алматы қаласының тұрғынынан жалпы салмағы 4 грамм «Эфидрон» психотроптық заты бар екі ораманы тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?