Судьялар тәуелсіздігі мен мәртебесі заңмен белгіленген. Ал сол заңнан аттамас үшін, әрине, ең бірінші адалдық керек. Қазіргі судьялардың көздеген мақсаты да, ұстанған бағыты да әділ билік жолында адалдыққа берік болу.
 Судьяның сөзі мен ісі адалдықпен ұштасуы керек және халық алдында ол қарапайым болуы тиіс. Қазақ елі Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміздің сот жүйесі өз алдына еркіндік алды. Сот билігіндегі осы жағдайлар судьялардың да, сот жүйесінің де мерейін үстем етті.
Соттарға қатысты оң көзқарастың қалыптасуы судьялардың күнделікті жұмысының уақыт өткенсайын ашықтық, жариялылық тұрғысында жүзеге асырылатынын көрсетеді. Қоғамның дамуына байланысты судьяның біліктілігіне, адамгершілігіне, ізгілігіне қойылатын талаптар жоғарылады. Осы қағида әр кезде – судьялық корпус қалыптастырылғанда, сот төрелігін жүзеге асырғанда, тұрмыста да өзекті болып табылады.
 Судья үнемі ел назарында болған соң, ол күнделікті өмірде, тіпті демалыс уақытында да халық оны әрдайым судья ретінде қабылдайды. Себебі халық арасында сот билігінің беделі билердің кәсібилігі мен оның адамгершілік болмысы арқылы қалыптасады.
Судья сот төрелігін жүзеге асыру барысында қоғамның заң қызметкерлерінің адамгершілік және ізгілік қасиеттеріне қоятын талаптарын ескеруі қажет. Өйткені судья халықтың сот билігіне деген сенімін нығайтып, өзінің жүріс-тұрысымен тәртіптің жоғары стандартына ұмтылуы тиіс. Бұл судьялардың адал қызмет атқаруына күш береді.
Судья өз қызметінде Әдеп кодексінің талаптарын орындау керек. Бұл құжат судьяның кәсіби міндеттерін атқарғанда, сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта әдеп принциптерін белгілеп, сапалы, кәсіби, жоғары рухани принциптерге ие судьялар корпусын жасақтаудың негізі болып табылады.
Алматы қаласы Жетісу ауданының
№2 аудандық сотының судьясы
Айгерим Тилепова

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?