Шымкент қаласы білім басқармасы,  компаниялар туралы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқалы бәсекеге қойылған. Компьютерлік техникаларды ұтып алған кәсіпкерлер 4 компаниядан турады. Олар, «АТЕКО» ЖШС, «Казинтерсервис» ЖШС, «Казинтерсервис — регион» ЖШС, «ISAPA» ЖШС,  болатын. 
Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген «ISAPA» ЖШС қызмет көрсету барысында кешіккені үшін келісім шарт бұзылып, «BILIM MEDIA GROUP» ЖШС на келісім шарт жасалынған.
Білім басқармасымен 2020 жылы 36 355 дана компьютерлік техникасы сатып алынды. Қалалық мемлекеттік аудит департаментінің тексеру нәтижесімен 19 716 дана ноутбугі техникалық сипатқа сәйкес емес деген аудиттік есеп берілген болатын. Ел арасында қәуесет осы аудиттік есептен кейін мүмкін болар айтылып жүрген болатын. Дегенімен, аудиттік есеп осы мемлекеттік аудит департаментінің сапа қорытындысымен рәсімдік бұзушылық болып танылды- деп жауап берді , Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы
Әлеуметтік желілерде алып қашпа ақпараттар мен бей ресми сұраныс хабарламалар туралы,   білім  басшысының баласы, баласының жолдас баласына тиесілі компаниялар ұтып алғаны туралы ақпараттарға ресми жауап беріліп, ұтып алған компаниялар, басқарма басшысы тарапына ешқандай қатысы болмағаны анықталды.
Компьютерлік техникаларды ұтып алған келесі кәсіпкерлер: компьютер- «АТЕКО» ЖШС (отандық тауар өндіруші 24.06.2020 жылғы №KZ0 102 00164, жергілікті қамту үлесі 31%), планшет — «Фирма «Казинтерсервис» ЖШС (Тіркелген жері Алматы қаласы) , ноутбук — «Казинтерсервис — регион» ЖШС (Тіркелген жері Алматы қаласы), «ISAPA» ЖШС (Тіркелген жері Нұр –Сұлтан қ.) – аталған кәсіпкер кешіккені үшін келісім шарт бұзылып, «BILIM MEDIA GROUP» ЖШС (Тіркелген жері Нұр –Сұлтан қ.). Мен және менің отбасым мүшерлері атына қандайда бір кәсіпкерлік субьектілері тіркелмеген. Аталған ақпартты ашық ақпарат көздері арқылы тексеруге болады. Комьютерлік техникаларды ұтып алған компаниялар туралы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқалы толық көруге болады (құрылтайшылары, тіркелген мекен-жайлары және т.б.с). Аталған ақпарат коммерциялық құпия қатарында болғандықтан, тікелей өз тарапыңыздан көріп көз жеткізуіңізге болады. Басқармамен кәсіпкерлерді іріктеу барысын, комиссия процессін фейсбук желісі арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы «Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ж. Қамбар жариялап отырған болатын. Кәсіпкерлерді таңдау ашық және жария түрде өткен болатын-деп жауап берді Жанат Тажиева
Алайда аудиттік есеп осы мемлекеттік аудит департаментінің сапа қорытындысымен рәсімдік бұзушылық болып танылғанымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «сот саапатамалары орталығы» РМҚК Шымкент қаласы бойынша сот сарапатамалары институты тарапынан берілген  мемлекеттік сараптамада, компьютерлік техникаларды ұтып алған кәсіпкерлер талаптарға сай компьютерлік техникаларды жеткізгенін көруге болады:
Журналистік зерделеу жұмыстар барысындағы, жоғарыда көрсетіліп, жарияланған құжаттарда сапамен талапқа сәйкес емес екендігі мүлдем көрсетілмегені анықталды. (Құжаттардық барлық парақтарын жариялау мүмкіндігі жоқ) Суреттерде көріп тұрғаныңыздай, талаптарға сай (соответствует)-деп көрсетілген.
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне берілген ресми жауабында А. Текебаеваға және Ж. Тажиеваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын нақтылау мақсатында қайтадан хат жолданады.
Арнайы құзырлы органдардан маған қатысты қандайда бір заң бұзушылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеймін.  Егер маған қатысты қандай да бір қылмыстық іс қозғалған жағдайда, мені ол туралы таныстырар едім. Бүгінгі күнге дейін ондай дерек орын алған емес. Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаментінің ресми жауабына сәйкес айтарым. Аталған хатта маған, яғни Ж.Тажиева қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы сөз жоқ. Ия, тергеп –тексеру жұмыстары басқарманың басқа да қызметкерлеріне қатысты жүріп жатқаны рас, алайда, маған қатысты емес. Басқарма қызметкерлеріне қатысты жүргізіліп жатқан тергеп — тексеру амалдары маған дейінгі кезеңдегі қамтылған іс- әрекеттеріне қатысты жүргізілуде деп сөзін аяқтады Тажиева Жанат Арысбекқызы
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?