Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №85 жалпы орта мектебінің ішкі тәртіп ережесінде күз, кыс мезгілдерінде мектеп ішінде маусымдық аяқ киім ауыстыру талаптары ата-аналар келісімімен қаралған.
Аталмыш мектептің кіре-беріс дәлізінде оқушылардың сырт киімдерін, аяқ киімдерін ауыстыруға толық жағдай жасалып, әр оқушыға жеке сөрелер дайындалған.
Зерделеу барысында оқушылар аяқ киімін мектеп ауласында ауыстырып, кию талаптары қойылмағандығы, кейбір оқушылар өз бетімен мектеп ауласынан ауыстырып кіретін жағдайлар да кездесетіні яғни, оқушылардың міндеттері толық түсіндірілмегені анықталды. Нәтижесінде, мектепішілік бақылау мен басшылықтың өз дәрежесінде жүргізілмегені үшін мектеп директоры Ж.Сихамбековаға ауызша ескерту, өз міндеттерін орындаудағы салғырттығы үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ибрагимоваға, кезекші мұғалім Р.Саховаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Аталған жағдай басқармаға қарасты барлық білім беру ұйымдарында талқыланды.
Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында келеңсіз жағдайлардың орын алмауы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан қатаң бақылауға алынады- деп, Шымкент қаласы білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады.
Айта кету керек, ата-ана тарапынан әлеуметтік желіде, мектеп оқушыларының мектепке аяқ киімдерін ауыстырып киіп кіретіні  туралы бейнежазба таралған болатын. Сілтемеден толығырақ:

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?