Елордалық полицей Бауыржан Камалиев ұшақты тіркеп сүйреу бойынша рекорд орнатты. Ол 42 тонналық Airbus ұшағын орнынан жылжытты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Сілтемеде толығырақ:

https://www.youtube.com/watch?v=mKyHYKOwq4M

Полиция майоры өз жетістігін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Күштік экстриммен айналысатын полицей әуе кемесін 10 метрге сүйреді. Бұған дейін рекордшы электровозды тарту бойынша әлемдік рекорд орнатқан. Ол жалпы салмағы 276 тонна болатын екі теміржол локомотивінің рельстерінен 10 метр қашықтықта Гиннестің рекордын жаңартты. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ аға жедел уәкілі Бауыржан Камалиев өзінің қызметінде қылмыспен күресіп, ауыр қылмыс түрлерін ашады. Палуанның алдағы жоспары салмағы 350 тонна болатын жүкті тарту болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?