Нұр-Сұлтанда 19 жасар бала күтуші үй иесінің алтын әшекейлерін ұрлап кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полицияға қала тұрғыны үйінен алтын бұйымдарымен «Huawei» маркалы құлаққаптардың жоғалып кеткені жөнінде арызданды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 19 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында анықталғанындай, жас қыз шағымданған отбасына бала күтушісі болып жұмысқа орналасады.Үш күн жұмыс істегеннен кейін ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйден алтын алқа, сақина және құлаққап жымқырып кетеді. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 360 мың теңгені құрайды.
Аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмысқа қабылдар алдында бейтаныс адамдардың өткен өмірімен танысуға, құжаттарының көшірмесін алуға және ұсыныс хаттары бойынша жұмысқа қабылдауға кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?