Алматы облысында мылтықпен қаруланған ер адам сыра дүкеніне шабуыл жасады. Бұл туралы  Алматы облысы полиция департаментінің  басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.
26 қараша күні Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алмалыбақ кентінің дүкендерінің біріне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.Қоңырауға жеткен жедел-тергеу тобы шынымен қаруланған ер адамның сыра құю дүкеніне кіріп, аңшы мылтығымен сатушыны қорқытып, ішімдік талап еткенін анықтады.

Дүкен қызметкерлері өз күштерімен тәртіп бұзушы , 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Бұзақыны ұстау кезінде өздігінен оқ атылып, қабырғаға тиген.Оқиғаға қатысушылардың ешбірі зардап шеккен жоқ.
Масаң күйдегі ер адамның бұрын сыра дүкеніне кіріп, сатушылардың бірімен жанжалдасып қалғаны және кейін ол 12- калибрлі аңшылық мылтықпен қаруланып, дүкенге қайта оралып, сыра талап еткені белгілі болды. Жанжал кезінде сатушы келушіні залалсыздандырып, содан кейін полиция шақырған.
Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркелді.Қару тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іске тіркелді.
Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?