Алматы облысында құрылыс алаңындағы ішімдігі бар отырыс жалдамалы жұмысшылар бірінің өліміне алып келді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.
15 қараша күні Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Айдарлы ауылының 32 жастағы тұрғынының іш қуысының кесілген жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындаған Ұзынағаш ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оның айтуы бойынша, салынып жатқан сарайдың иесімен бірге ішімдік ішкеннен кейін ол жәбірленушімен ұрысып қалған. Төбелес кезінде ол оның ішінен пышақпен бір ұрған.Қылмыс құралы-пышақ, заттай дәлел ретінде алынып, іске қоса тігілді. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамаққа алынды. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ауруханаға жеткізілген жәбірленуші екі күннен соң, алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.Осыған байланысты күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?