Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан тыйым салынған әдебиеттерді тәркіледі. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының полицейлері «ВКонтакте» қолданушыларының бірі өзінің парақшасына экстремистік бағыттағы діни сипаттағы аудио мен бейнематериалдарды орналастырғанын және таратқанын анықтады.

Бұл жайтты тәртіп сақшылары СДТБТ-ға тіркеп, сараптамаға жолдады. Оның қорытындысымен анықталған материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттау белгілері бар екені расталды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданының тұрғынын қолға түсірді. Күдіктінің үйін тінту барысында жедел уәкілдер діни мазмұндағы әдебиеттерді, дискілер мен ұялы телефондарды тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 256-бабы 2-бөлігі «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Өз мерзімінде тергеу оқиғаның барлық мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға терроризм мен экстремизмді насихаттайтын тыйым салынған материалдар мен әдебиеттерді орналастырғаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?