Тараз қаласының Полиция басқармасына 57 жастағы ер адам жүгінді. Ол 2021 жылдың маусым айында өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырған әйел адам пәтер сатып алуға көмектесу мақсатында алдау жолымен сенімге кіріп, оның 1.850.000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткендігі туралы хабарлаған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 11 қылмыс жасағаны үшін облыс орталығының тергеу изоляторында қамауда отырған 46 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Келтірілген залалдың жалпы көлемі шамамен 50.000.000 теңгені құрайды.

Ұсталған азаматша  кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленумен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алулар кезінде өте сақ және абай болуды ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, «102» байланыс арнасы бойынша полицияға немесе аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне дер кезінде хабарласыңыз!

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?