Елордалық полицейлер театр күзетшісіне шабуыл жасаған жасөспірімдерді ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«102» арнасына кәмелетке толмағандардың Қонаев көшесіндегі театр күзетшісіне шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Мән-жайды анықтау барысында мәлім болғанындай, сағат 18.30 шамасында 14-16 жастағы жасөспірімдер театр жанындағы алаңға скейтпен келіп, трюк жасай бастайды. Сол аралықта оларға 40 жастағы күзетші жақындап келіп, ескерту жасайды. Жасөспірімдер елемей, әдепсіз жауап қайтарып, сырғанауды жалғастырады. Осыдан кейін күзетші балдардың заттары тұрған жаққа қарай бет алып, олардың заттарын алып полиция шақырмақшы болады. Бірақ осы сәтте кәмелетке толмағандар жеткіншектер оған шабуылдап, жан-жақтан соққы бере бастайды.

«Есіл» ауданының полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын полицияға жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кәмелетке толмағандар полицияда профилактикалық есепке алынды. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға балалардың мінез-құлқын бақылауды және заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіруді ескертеді.
Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?