Нұр-Сұлтанда полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізудің жолын кесті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елордада арнайы операция жүргізілді, нәтижесінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде жеткізу және сатумен айналысатын қылмыстық топтың әрекетінің алды алынды. Есірткі заттарын жеткізумен ұйымдастырудың негізгі жетекшісі Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, одан ұстап тінту кезінде салмағы 27 келі «гашиш» есірткі заты бар жол сөмкесі табылды. Ал екінші күдікті, Қостанай облысының 31 жастағы тұрғынының автокөлігін тінту барысында салмағы 9 келіге жуық «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ қызметінің жолын кесуге бағытталған айыпталушының қылмыстық байланыстарын зерделеп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Есірткіні сақтау және сатуға қатысы бар қылмыстық тізбектің тағы үш сыбайласы ұсталды. Тінту кезінде олардан елорда аумағында өткізу үшін әкелінген есірткі заты тәркіленді. Қылмыстық топтың әр мүшесінің өзіндік рөлдері мен міндеттері болған. Кейбір мүшелері есірткі жеткізушіні тапса, басқалары сақтаумен сатуды, сондай-ақ есірткіні тасымалдауды ұйымдастырумен айналысқан. Арнайы операцияны жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 37 килограмм гашишті құрады. Барлық ұсталған азаматтардың түсініктемелері алынды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Ержан Саденовтың айтуынша Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің таралуына байланысты қылмыстық әрекетке тартылғандарды жазалауды қатаңдату ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар департамент басшысы «Біздің алдымызда осы мәселені жою міндеті тұр. Қажетті жедел шаралар қабылданды, есірткі қылмыстарын ашу үшін барлық технологиялық арсенал қолданылады», — деп айтып өтті.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз айналымнан 130 келі есірткі заты тәркіленді. Оны 2 келі 300 грамы героин.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?