Балалар қоларбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түрксіб аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, бұзақылық фактісі «Жас қанат» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде орын алған.
«Бұл эпизодқа жедел жауап берілді. Бейнебақылау камераларының мәліметтерін мұқият зерттедік. Айыпталушы көрсетілген тұрғын ауданда тұрмайтынын анықтадық. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. Бүгін ол ұсталды. Бұл — 1977 жылы туған С.есімді азамат, «Саяхат» автовокзалының ауданында тұрғын үйді жалға алып тұрады. Анықталғандай, бұған дейін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мүліктік қылмыс үшін де. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол заңсыз әрекеттерді жасау кезінде мас күйінде болған», — деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев.
Баяндамашының айтуынша, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы бойынша қозғалған әкімшілік іс материалдары шешім қабылдау үшін бүгін МАӘС-на жолданады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?