Естеріңізде болса, 18 желтоқсан күні Шымкент қаласы полиция департаментінің 4 қабаттағы терезесінен секіріп кеткен азамат 1987 жылы туылған Рахимжан Нұрмурзаев туралы ақпараттар тараған болатын. Алайда әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бұрмаланған болып шықты. «ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз»- деген Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми ақпараты төмендегідей жарияланды:

Шымкентте алаяқтық үшін және зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат жауапкершіліктен қашпақшы болды.
18.12.2021 жылы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша айыпталушы 1987 ж.т. азамат жеткізілген.
Бұған дейін Әл-Фараби ауданы сотының қаулысымен аталған азаматқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданыла отырып, іздеу жарияланған болатын.
Сонымен қатар, оған қатысты ҚР ҚК 120-бабы (зорлау) бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Күдікті осы іс бойынша жәбірленушімен беттестіруден кейін, қылмыстық жауапкершіліктен жалтарудың мүмкін еместігін түсініп, қашуға әрекет жасаған кезде баспалдақ маршының сүйенішінен секіріп, қойма жайының жабынына құлады. Медицина қызметкерлерімен тексеру кезінде азаматта дене жарақаттары анықталмаған. Оның денсаулығына ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Әл-Фараби ауданы судьясының қаулысы негізінде ол Шымкент қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Төртінші қабаттан секіріп кетті»- деген ақпарат жарияланған соң, әлеуметтік желілерде, Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтың суретіндегі қол сағаты қызу талқыға түсті.
Кейбіреулері генерал Е. Жұмаханбетовты отставкаға кетсін десе, кейбіреулер оның «жалдамалы пәтерде тұратын генералдың қолындағы қымбат сағат қайдан келді?»- деп қызығушылық танытып талқылап жатыр.
Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Шымкент қаласы полиция департамнті ғимаратында күдікті азамат жауап алу барысында өмірден өткен еді. Шымкент қаласы полиция департаменті:

08.12.2021 жылы шамамен сағат 17:00-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген 1990 ж.т. азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан.

​Оған сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған.
Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында азаматтың мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеген.
​Осы факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды.
​Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады-деп ресми ақпарат берген.
Полиция департаментінде қайтыс болған азамат
Полиция департаментінде қайтыс болған азамат Нұрболат Жұмабаев
Алайда қосымша хабарланатын ақпараттары әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен басқа ақпарат көздерінде 3 полиция қызметкерлері қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Оған қосымша марқұмның досы, Шымкент қаласы полиция департаментінде жауап алу барысында таяқ жегенін мәлімдеген болатын.
Әзірге сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?