Құрметті қазақстандық, қазақтың қаракөздері және арландары, отандастар!
 
Елімізде басталған бейбіт шерудің жалғасы террорлық әрекетке ұласып кеткенін хабарлаймын.
Бауырлар, мен өз басым халықтың тарапында болдым, боламын, әрі қолдаймын. Алайда мемлекетімізде болып жатқан террористік әрекет, өз қаласына, отанына, халыққа жасап жатқан қастандықты еш қашан қолдамаймын. Бұл пікірім, шеруге шыққан халықты террорист дегені емес.
Террористер, арандатушы арнайы топтар, бейбіт болып жатқан шеруді пайдаланып, алаңға шыққан жастардың арасына ірткі салып, өздерінің мүдделеріне үндеп, үгіттеп кетті. Себебі біздің жастарымыз, жедел жәрдем көлігіне, телеарналардың ғимараттарына, өздері тұратын қалаларына, «Астана наш!», «Шымкент наш!», «Алматы наш!»-деп патриоттық сезіммен жүрген жігіттер, ешқашан өз қаласын өртеп, дүкендерін тонап, қылмыстық және террорлық әрекеттерге бармайтыны анық.
Өкінішке орай жедел жәрдем көліктерін тас боран жасап, өрт сөндіруге келе жатқан өрт сөндіру көліктерін жолда тоқтатып, ұрып, соғып, телеарналардың ғимараттарына кіріп от қойып кетті. Қаншама адамдар жарақаттар алып, адам шығыны болды. Бұл бассыздық халықтың қалауы емес әрине, бұл тероррлық, отанымызды құрытқысы келген, қасгөйлердің әрекеті және жастарымызды арандатып пайдаланған қанды қолдар!
Мен, өтіп жатқан шерудің арасында болдым. Алаңда жүргендердің басын бөлігі жастарымыз. Кейбір кісілер сөзбен арандатып отырғанын естіп, көзбен көргенім үшін жазып отырмын.
Ал халыққа атылған шынайы оқтар, ол мемлекет тарапынан, әскерилерден полицейлер тарапынан атылған жоқ. Собрлардың киіміне ұқсас киімдер киген топтар халыққа оқ атып, көліктерді аударып өртеп жатты. Олар, ешқандай собрлар емес. Қара киім киген беттерін жауып алған, арандатушы, террорлық әрекет жасап жүрген, отанымызға қастандық ұйымдастырған қасгөйлер екеніне көзім жетті.
Барлықтарымыздың отбасымыз, ата-анамыз, бауырларымыз, балаларымыз бар. Олардың оққа ұшып, шығынға батып, азапталып, қиналғанын қаламаймын. Бізге тыныштық, бірлік, бейбіт өмір керек. Өз отанымызды, өз қаламызды қиратып, өртеп, күлін көкке ұшырмайық. Себебі бұл біздің отанымыз!
Өз мемлекетімізді, қаламызды сақтап қалайық ағайын. Үгіттеп, алаңға шақырып жатқан арнайы топтардың қапқанына түсіп қалмаңыздар!
Сабыр сақтап, отанымызды сақтап қалайық!
 
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?