ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы ақпаратты комитеттің баспасөз қызметті таратты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтының мәліметінше, осы жылдың алтыншы қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-тармағымен, мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

     Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 1 тармағында «Мемлекетке опасыздық жасау» яғни,  «мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері»- көрсетілген. Егер экс- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Масимовтың кінәсі дәлелденсе, онда Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?