Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президентке төтенше жағдай кезінде ТЖМ бөлімшелері өздеріне жүктелген міндеттерін орындағаны жөнінде баяндалды.

Министр мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының кең көлемде өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ТЖМ-ның 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің  29 техникасы зақымданған, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүктелген міндеттерді әрі қарай атқара беруге және  хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытылы ақпарат беріп отыру қажет екеніне баса мән берді.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?